“Балабақша: ЕСЕП” бағдарламасы

Құрылған уақыты: 20.08.2022

Лицензия мерзімі: 1 жыл

Қолданылу ортасы: Балабақшалар

Мақсаты: Балабақша тәрбиеленушілері және қызмет атқаратын персонал туралы, материалдық қор туралы мәліметтер қорын құру

Функционалдық мүмкіндіктері: Бағдарламаның негізгі мақсаты ұйымдағы топтар, қызмет ететін қызметкерлердің және ұйымдағы материалдық қор туралы база құру.

Негізгі техникалық сипаттамалары: «Балабақша: ЕСЕП» бағдарламасы Windows 7, 8, 10, 11 (32 және 64 биттік) операциялық жүйесінде жұмыс жасайды. Бағдарламаның қондырғанға дейінгі өлшемі: 6,5 мб. Қондырылған соң бағдарлама өлшемі 25,5 мб құрайды.

Бағдарламалау тілі: Мәліметтер қоры: MS Acsess қолданылады. Embarcadero® Delphi 10.3 бағдарламасы көмегімен жасалынған.

Қазіргі заман талабына сай цифрлық сауаттылық ақпараттық қоғамдағы ең негізгі тақырыптардың бірі. Цифрлық сауаттылықты қолдану арқылы өмір сапасын арттыруға жол ашуға болады. Цифрлық сауаттылықты арттыру арқылы жұмыс сапасында көтеруге болады.

Балабақша ұйымдарын цифрландыру әкімшілік жүйесінің ыңғайлы және тиімді құралдарды жасауды білдіреді. Осындай мақсатта «Балабақша: ЕСЕП» бағдарламасын қолданудың үлкен мүмкіншілігі бар. Аталмыш бағдарлама арқылы күнбе – күн қағазға жазылатын мәліметті электронды базаға енгізуге және кез – келген уақытта қажетті мәліметті жылдам табуға болады.

БАҒДАРЛАМА ТУРАЛЫ

«Балабақша: ЕСЕП» бағдарламасы балабақшадағы тәрбиеленушілердің, персоналдың және балабақшадағы заттардың мәліметтер қорын жинау үшін қолдануға болады. Жиналған мәліметтен әр түрлі сүзгі арқылы баспаға шығаруға болады.

«Балабақша: ЕСЕП» бағдарламасы Embarcadero Delphi бағдарламасы көмегімен құрылған. Мәліметтер қорын басқару жүйесі ретінде Microsoft Access қолданылады.

«Балабақша: ЕСЕП» бағдарламасы Windows операциялық жүйесінің барлық версияларында жұмыс жасайды.

«Балабақша: ЕСЕП» бағдарламасы көмегімен:

  • Балабақшадағы тәрбиеленетін топтардағы тәрбиеленушілердің және олардың ата – аналары туралы толық мәліметтерді жинақтау;
  • Балабақшада қызмет ететін қызметкерлердің жеке карточкасы;
  • Балабақшадағы тіркелген заттар туралы толық мәліметті енгізуге болады.

«Балабақша: ЕСЕП» бағдарламасы:

  • Топтар;
  • Персонал;
  • Шаруашылық бөлімі атты бөлімдерден тұрады. 

«Балабақша: ЕСЕП» бағдарламасының басты терезесінде топтар, персонал, шаруашылық бөлімі және жабу батырмалары орналасқан. Терезенің негізгі бөлігінде бағдарлама және қолдау орталығы туралы мәлімет көрсетілген (сурет-1).

«Балабақша: ЕСЕП» БАҒДАРЛАМАСЫН ҚОЛДАНУ

«Балабақша: ЕСЕП» бағдарламасын қолдану жеңіл әрі ыңғайлы. Бағдарламаны қондырған соң жұмыс үстелінде пайда болған «Балабақша: ЕСЕП» ярлыгін ашу қажет. Ашылған терезеден «Топтар» батырмасын шертіп «ТОПТАР» терезесін ашуға болады. Аталмыш терезеден «Енгізу» батырмасы арқылы жаңа тәрбиеленуші және оның ата – анасы (асыраушысы) туралы мәліметті енгізеді. «Өңдеу» батырмасы арқылы қате енгізілген мәліметті дұрыстайды. «Өшіру» батырмасы көмегімен қате енгізілген мәлімет өшіріледі. «Жабу» батырмасы арқылы аталмыш терезені жабады. «Топтар» терезесінің төменгі бөлігі арқылы аты – жөні, ЖСН немесе жолдама жолдары арқылы қажетті мәліметті жылдам табуға болады. Қажет болған жағдайда «Word-та ашу» батырмасы арқылы тізімді баспаға жіберуге немесе дискіге сақтауға болады.(сурет – 2, сурет-2.1.).

Сурет-2.1. (Тәрбиеленуші туралы мәлімет енгізу)

«Персонал» батырмасы арқылы мекемедегі қызмет ететін барлық персонал тізімі терезесі ашылады. Терезенің жоғары бөлігінде орналасқан батырмалар арқылы мәліметті енгізуге, оны өңдеуге және өшіруге болады. Сонымен қатар терезенің төменгі бөлігінде орналасқан Аты – жөні бойынша іздеу жолы арқылы қажетті сүзгіні жасап оны Word бағдарламасында ашып баспаға жіберуге немесе қатқыл дискіде сақтауға болады. Негізгі кестеден қажетті жолды екі рет шерту арқылы таңдалған қызметкер туралы жеке карточкасын толық көруге болады.  (сурет-3, сурет-3.1.).

«Шаруашылық бөлімі» батырмасы арқылы мекемеде тіркелген заттар туралы толық мәліметті көруге, енгізуге, өшіруге болады. Терезенің төменгі бөлігінде орналасқан жолдар арқылы атауы бойынша және инвентарь номері бойынша іздеу жұмысын жүргізуге болады. Және табылған мәліметті Word бағдарламасында ашуға, дискіде сақтауға, баспаға жіберуге болады. (Сурет – 4).

Авторлық құқықпен қорғалатын объектілерге құқықтардың мемлекеттік тізілімге енгізу туралы куәлік


Сұрақтар, қосымша мәлімет, бағасы туралы білу үшін төмендегі форманы толтырып жіберсеңіз, сізге оператор міндетті түрде хабарласады немесе WhatsAPP – қа жазыңыз.




    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *