«Қоңырау кестесі» бағдарламасы

Құрылған уақыты: 01.03.2022

Лицензия мерзімі: 1 жыл

Қолданылу ортасы: Жалпы орта білім беретін мектептер

Мақсаты: Қоңырау дауысын күймен (әуенмен) ауыстыру

Функционалдық мүмкіндіктері: Мектептің ішкі кезекшілері туралы мәліметтер қоры, мектеп оқушыларының сабаққа қатысымы туралы мәліметтер қоры, мектептің қызметкерлерінен бөгде адамдарды тіркеу журналы

Негізгі техникалық сипаттамалары: «Қоңырау кестесі» бағдарламасы Windows 7, 8, 10, 11 (32 және 64 биттік) операциялық жүйесінде жұмыс жасайды. Бағдарламаның қондырғанға дейінгі өлшемі: 13,9 мб. Қондырылған соң бағдарлама өлшемі 28,3 мб құрайды.

КІРІСПЕ

Қазіргі заман талабына сай цифрлық сауаттылық ақпараттық қоғамдағы ең негізгі тақырыптардың бірі. Цифрлық сауаттылықты қолдану арқылы өмір сапасын арттыруға жол ашуға болады.

Цифрлық сауаттылық – білім беру жүйесінде де кең өріс алып отыр. Цифрлық сауаттылықты арттыру арқылы жұмыс сапасында арттыруға болады.

Мектептерді цифрландыру білім беру жүйесінің әкімшіліктеріне ыңғайлы және тиімді құралдарды жасауды білдіреді. Осындай мақсатта «Қоңырау кестесі» бағдарламасын қолданудың үлкен мүмкіншілігі бар. Аталмыш бағдарлама арқылы күнбе күн қағазға жазылатын мәліметті электронды базаға енгізуге және кез – келген уақытта қажетті мәліметті жылдам табуға болады.

БАҒДАРЛАМА ТУРАЛЫ

«Қоңырау кестесі» бағдарламасы мектептердегі үзіліс кезінде соғылатын дыбысты күймен (қолданушы таңдаған кез – келген әуенмен) ауыстыру және мектептің ішкі кезекшілерінің жұмысын жеңілдету және мәліметтер қорын жинау үшін қолдануға болады.

«Қоңырау кестесі» бағдарламасы Embarcadero Delphi бағдарламасы көмегімен құрылған. Мәліметтер қорын басқару жүйесі ретінде Microsoft Access қолданылады.

«Қоңырау кестесі» бағдарламасы Windows операциялық жүйесінің барлық версияларында жұмыс жасайды.

«Қоңырау кестесі» бағдарламасы көмегімен:

  • Мектеп кезекшілерінің мәліметтерін (аты – жөнін, уақытын және телефон номерін) енгізуге;
  • Белгілі бір күні кешіккен немесе сабақта болмаған оқушыларды тіркеуге;
  • Тіркеу журналы бөлімі арқылы мектепке келушілерді (мектеп қызметкерлерінен бөгде) тіркеуге болады.

«Қоңырау кестесі» бағдарламасы:

  • Баптаулар;
  • Кезекшілер;
  • Оқушылар;
  • Тіркеу журналы;
  • Бағдарлама туралы атты бөлімдерден тұрады. 

«Қоңырау кестесі» бағдарламасының басты терезесінде мектептің логотипі, мектеп атауы, ағымдағы уақыт, сабақ кестесі көрсетіледі (сурет-1).

«Қоңырау кестесі» бағдарламасында сабақтан шығу қоңырау дауысында шертпе күй, ал сабаққа кіру қоңырау дауысында төкпе күй ойналынады. Бағдарламамен бірге берілетін күй ұзақтығы 22 секундты құрайды. Күйге қоңырау дауысы қоса өңделген. Әлбетте бұл күйді қолданушы өзі қалаған басқа да әуенмен «Баптаулар» мәзірі арқылы оңай ауыстыра алады. Ойналынатын күй форматы «wav».

«ҚОҢЫРАУ КЕСТЕСІ» БАҒДАРЛАМАСЫН ҚОЛДАНУ

«Қоңырау кестесі» бағдарламасын қолдану жеңіл әрі ыңғайлы. Бағдарламаны қондырған соң жұмыс үстелінде пайда болған «Қоңырау кестесі» ярлыгін ашу қажет. Ашылған терезеден «Баптаулар» мәзіріне өтіп қоңырау кестесін енгізіп, қажетті әуенді таңдауға болады немесе бағдарламамен қоса берілетін әуенді қолдануға болады (сурет – 2).

Қажетті баптаулар жасалған соң «Кесте енгізу» терезесін жауып, бағдарламаны ашық күйінде қалдырамыз. Берілген уақыт бойынша қоңырау соғылған соң уақыт ұяшықтары сәйкесінше жасыл және сары түске боялады (сурет-3).

«Кезекшілер» мәзірі арқылы мектеп кезекшілері туралы мәліметтерді енгізуге, қате енгізілген мәліметті өңдеуге және өшіруге болады. (Сурет – 4).

«Оқушылар» мәзірі арқылы сабаққа келмеген немесе кешігіп келген оқушылардың мәліметтер қорын құруға болады. Аты – жөні және күні бойынша іздеу жүйесі қарастырылған (Сурет – 6).

«Тіркеу журналы» мәзірі арқылы мектеп қызметкерлерінен бөгде келушілерді тіркеуге болады. «Қосу» батырмасы арқылы келушінің аты – жөні, күні, уақыты және келу себебі енгізіледі (сурет – 7).

МЕКТЕП ҚОҢЫРАУЫНЫҢ ЖАЛҒАНУ СЫЗБАСЫ

«Қоңырау кестесі» бағдарламасы таңдалған әуенді компьютердің аудиошығыс құрылғысы арқылы ойнатылады. Сондықтанда компьютерге дыбысұлғайтқыш құрылғысы жалғану қажет. Дауыс барлық ғимаратты қамту үшін қажет деп табылған орындарға колонка орнату керек. 8 – суретте жалғану сызбасы көрсетілген.

Авторлық құқықпен қорғалатын объектілерге құқықтардың мемлекеттік тізілімге енгізу туралы куәлік


Сұрақтар, қосымша мәлімет, бағасы туралы білу үшін төмендегі форманы толтырып жіберсеңіз, сізге оператор міндетті түрде хабарласады немесе WhatsAPP – қа жазыңыз.




    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *