«Электронды база: Музей» бағдарламасы

Бағдарлама атауы: «Электронды база: Музей» бағдарламасы

Құрылған уақыты: 10.06.2022

Қолданылу ортасы: Тарихи – өлкетану музейі

Лицензия мерзімі: 1 жыл

Мақсаты: Тарихи – өлкетану музейлерінде орналасқан экспонаттар туралы мәліметтер қорын электронды түрде жинақтау.

Негізгі техникалық сипаттамалары: «Электронды база: Музей» бағдарламасы Windows 7, 8, 10, 11 (32 және 64 биттік) операциялық жүйесінде жұмыс жасайды. Бағдарламаның мәліметтер қорынсыз өлшемі: 24 мб құрайды

Бағдарламалау тілі: Мәліметтер қоры: MS Acsess қолданылады. Delphi 7 бағдарламасы көмегімен жасалынған.

КІРІСПЕ

Қазіргі заман талабына сай ақпараттық қоғамда кез – келген мәліметтердің электронды түрде сақталу өте маңызды. Себебі мәліметтер қорын сақтау мүмкіндігі жоғары деңгейде болады. Сонымен қатар, мәліметтер қорын жылдам өңдеуге, жаңа мәліметтер жылдам қосуға  болады.

БАҒДАРЛАМА ТУРАЛЫ

«Электронды база: Музей» бағдарламасы көмегімен музейдегі экспонаттарды әр түрлі категориялар бойынша бөлуге және қандай да бір категориядағы мәліметті жылдам табуға болады. Арнайы сүзгілер көмегімен әр түрлі форматта баспаға шығаруға немесе локальды дискіге сақтау арқылы басқа қолданушылармен бөлісуге болады.

«Электронды база: Музей» бағдарламасы Delphi 7 бағдарламасы көмегімен құрылған. Мәліметтер қорын басқару жүйесі ретінде Microsoft Access қолданылады.

«Электронды база: Музей» бағдарламасы Windows операциялық жүйесінің барлық версияларында жұмыс жасайды.

«Электронды база: Музей» бағдарламасы көмегімен:

  • Музейдегі экспонаттарды категориялар бойынша жіктеуге;
  • Жылдам өңдеуге және жаңа экспонат туралы мәлімет қосуға;
  • Жылдам іздеу мүмкіндігі.

«Электронды база: Музей» бағдарламасы:

  • Экспонаттар;
  • Өңдеу;
  • Есептер;
  • Сайтқа өту
  • 3D тур бөлімдерден тұрады.

«Электронды база: Музей» бағдарламасының басты терезесінде бағдарлама атауы және мекеме атауы көрсетілген. «Жүйеге кіру» батырмасы арқылы бағдарламаның негізгі терезесі ашылады (сурет-1).

«Электронды база: Музей» бағдарламасын қолдану

«Электронды база: Музей» бағдарламасын қолдану жеңіл әрі ыңғайлы. Бағдарламаны ашқан соң  терезеден «Жүйеге кіру» батырмасын шертіп бағдарламаның негізгі терезесін ашуға болады. Ашылған терезеден «Экспонаттар» батырмасы арқылы алдын – ала енгізілген музей экспонаттары туралы мәліметтерді қарауға болады. «Өңдеу» батырмасы арқылы қате енгізілген мәліметті дұрыстайды және сол терезеден жаңа экспонат туралы мәлімет қосуға болады. «Есептер» батырмасы арқылы мәліметті баспаға шығаруға немесе қатқыл дискіде сақтау мүмкіндігі қарастырылған. «Сайтқа өту» батырмасы арқылы музей сайтына шолу жасауға болады. «3D тур» батырмасы көмегімен музейге шолу жасауға болады (егер алдын ала музейде ондай мүмкіндік қарастырылған болса). «Шығу» батырмасы арқылы аталмыш терезені жабады (сурет – 2).

«Экспонаттар» батырмасын шерту арқылы ашылған терезеден экспонат туралы толық мәлімет қарауға болады. Яғни, тіркелгенін күнін, материал түрін және тағы да басқа. Сонымен қатар «Кейін», «Алға» батырмалары арқылы басқа экспонат туралы мәліметті қарауға болады (сурет-3).

Авторлық құқықпен қорғалатын объектілерге құқықтардың мемлекеттік тізілімге енгізу туралы куәлік


Сұрақтар, қосымша мәлімет, бағасы туралы білу үшін төмендегі форманы толтырып жіберсеңіз, сізге оператор міндетті түрде хабарласады немесе WhatsAPP – қа жазыңыз.